Сайт в честь Апостола и священномученика Дионисия Ареопагита епископа Афинского г.Балхаш - Көлемді Катехизис. Мәскеулік митрополит Филарет құрастырған.
Выделенная опечатка:
Сообщить Отмена
Закрыть
Наверх

Көлемді Катехизис. Мәскеулік митрополит Филарет құрастырған.

 

 
Кіріспе.
 

Бастапқы ұғымдар

1. ДҰРЫС МАДАҚ КАТЕХИЗИСІ ДЕГЕН НЕ?

Дұрыс мадақ катехизисі деген  дұрыс мадақтық христиандық сенімге тәлім,ол әрбір христианның Құдайға жағуы үшін және құтқарылуы үшін оқытылады.

2."КАТЕХИЗИС" ДЕГЕН СӨЗ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Катехизис грек тілінен аударғанда жариялау, ауызша тәлім беру дегенді білдіреді, апостолдар кезеңінен бастап бұл сөзбен дәстір бойынша әрбір христианға қажетті алғашқы дұрыс мадақ сенімін белгілеп көрсеткен.  (Лк 1:4, Іс 18:25).

3. ҚҰДАЙҒА ИГІЛІКТІ ІСПЕН ЖАҒУ ҮШІН ЖӘНЕ ЖАННЫҢ ҚҰТҚАРЫЛУЫ ҮШІН НЕ ҚАЖЕТ?

Құдайға игілікті істермен жағу үшін және жанның құтқарылуы үшін мыналар қажет: нағыз шын Құдайды танып түсініп білу және Оған оң дұрыс сенім; осы сенімде өмір сүру және осы талапқа сай сәйкес игі жақсы істер істеу.

4. НЕЛІКТЕН ӘУЕЛІ АЛДЫМЕН СЕНІМ ҚАЖЕТ?

Сенімнің қажеттігін Құдайдың сөзі куәландырады: сенімсіз Құдайға жағу мүмкін емес (Евр 11:6).

5. НЕЛІКТЕН СЕНІМНЕН БАСҚА ТАҒЫ ДА ОСЫ СЕНІМДЕ ӨМІР СҮРУ ЖӘНЕ ОСЫ ТАЛАПҚА САЙ СӘЙКЕС ИГІ ЖАҚСЫ ІСТЕР ІСТЕУ ҚАЖЕТТІ?

 Сеніммен қоса онымен бөлінбейтін осы сенімде өмір  және осы талапқа сай сәйкес игі жақсы істер болу керек, өйткені оған Құдайдың сөзі куәландырады: сенім игі іс-әрекетсіз - өлі сенім (Иак 2:20).

 6. НЕНІ БІЗ СЕНІМ ДЕП АТАЙМЫЗ?

 Ап. Павелдің түсіндіруінше: сенім дегеніміз... күтіп отырғанымыздың жүзеге асатынына күмәнданбау және әлі де көрінбей тұрғанға сенімділікпен шүбәсіз илану (Евр 11:1). Былайша айтқанда: көзге көрінбегенге көзге көрінгендей және тілеп күтіп отырғанымызға шын қазіргі кездегідей сенімділік.

7. СЕНІМ МЕН БІЛІМНІҢ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚ НЕДЕ?

 Білім мен сенімнің арасындағы айырмашылықты былай деп пайымдап тұжырымдауға болады: білімге барлық сезім арқылы және танып білуге мүмкін болатын мән-мағыналар нәрселер жатады, ал сенімге көзге көрінбейтін және тіпті түсініксіз ақылға сыимайтын мән мағына нәрселер жатады.  Білімнің негізі тәжірибеден бастау алып және нәрсені, мән- мағына мен тақырыпты зерттеуден қаланады, ал сенімнің негізі мен бастауы шындық пен ақиқаттың айғақ куәлігінің растығына сенім білдіруден, сену мен иланудан қаланады. Білім ақылға қатысты болғандықтан соған тиесілі болады, бірақ дегенмен ол жүрекке яғни жанға да өз әсері мен әрекетін тигізе алады; сенім бірақ та дегенмен ойлаудан шамалаудан бастау алғанмен, жүрекке яғни жанға үстемді басымдырақ қатысты тиесілі болады.

8. НЕЛІКТЕН ДІН ТӘРТІБІН ҰСТАУ ІЛІМІН ОҚУДА ТЕК ҚАНА БІЛІМ ҒАНА ЕМЕС ЖӘНЕ СЕНІМ ДЕ ҚАЖЕТТІ?

Дін тәртібін ұстау ілімін оқуда тек қана білім ғана емес және сенім де қажетті, өйткені негізгі басты оқып біліп зерттеу нысаны көзге көрінбейтін және түсініксіз ақылға сыймайтын Құдай, және де Құдайдың жасырын құпиямен қоршалған өте данышпандық даналығы болып табылады. Сондықтан да көбінесе бұл ілімді оқуда барлығын да біліммен қамтып білу мүмкін емес, көбінесе тек сеніммен ғана түсініп, қабылдап ұғынуға мүмкіндік бар. Киелі Кирилл Иерусалимдік былай дейді: "Сенім деген ар-ұжданды тазартып ағартатын көру; ол адамға түсініп білетін ұғымды береді. Егер де сендер сенімсіздік білдіріп сенбесеңдер, онда сендер ақыл-парасаттарыңмен түсініп біле алмайсыңдар" (Ис 7:9; Жариялап үйретіп жөн сілтеу, 5).


Назад к списку

Авторизация

E-mail:
Пароль:

Новости



Поиск в православном интернете: 
Конструктор сайтов православных приходов
Православная библиотека
Каталог православных сайтов
Конструктор сайтов православных приходов
Православная библиотека
Каталог православных сайтов
Православие в Казахстане. Крестовоздвиженский храм Караганды
СЕДМИЦА - Православные новости за неделю
Помощь Божья от икон и молитв.Истории православных
АнтиБаптизм
Православие и Мир
Русская Духовная Миссия в Иерусалиме :: Официальный сайт
Официальный сайт Русской Православной Церкви / Патриархия.ru
 Союз православных граждан Казахстана
Angelologia. Православное учение об Ангелах



http://www.elohovosobor.ru/sites/default/files/pixelart2.gif
Храм Рождества Пресвятой Богородицы с. Турово. История. Восстановление. Молитвы Богородице. Акафисты.